Татар жазушысы, ақыны Ркаил Зайдулланың осыдан екі жыл бұрын әңгімелер жинағын қазақ тіліне аударуды қолға алған едім. Екі әңгімесін аудардым. Төрт әңгімесін әріптесім Гүлнұр тәржіма етті. Соның бірі көзіме жас келтірген осы “Ботам” деген әңгіме еді. Осы жұмада “Қазақ әдебиеті” газетінде жарияланды. Ол үшін газет ұжымына көп рақмет. Газет-журналдарда шығарамын дегендерге ана тілімізге аударылған әңгімелерді жібере аламын.